Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Новости русской службы Би-би-си

Башқұртстанда жергілікті белсендінің үкімінен кейін шерушілер мен полиция арасында қақтығыс басталды

Опубликовано:

Башқұртстандағы наразылық шеруінде соққы алған адам
Башқұртстандағы наразылық шеруі. Фото: youtube.com/smirusnews

Белгілі белсенді Фаил Алсыновқа үкім жарияланған күні Башқұртстанның Баймақ соты ғимаратына бірнеше мың адам келді. Ол араздықты қоздыру ісі бойынша төрт жылға сотталып, қамауға алынды. Алайда Алсынов мінген автозак сот ғимаратынан шыға алмады наразы топ жолды жауып, құқық қорғау органдарымен қақтығыс басталды.

2020 жылы Куштау шиханын (ежелгі бірегей төбелердің бірі) қорғаған Алсынов өткен жылы алтын өндіруге қарсы митингіде сөйлеген сөзі үшін сотталған еді.

"Мені қолдауға келгендердің барлығына көп рақмет. Мұны ешқашан ұмытпаймын. Мен кінәмді мойындамаймын. Мен әрқашан әділдік үшін, халқым үшін, республикам үшін күрестім. Әлі көрісеміз. Әрине, мұндайды күтпеп едім. Прокурор колония-қонысқа төрт жылға жабуды сұрады, бірақ олар төрт жылға колонияда отыру жазасын (жалпы режим) тағайындады. Шағым түсіреміз", - деді ол Rusnews жариялаған жазбада.

Алдыңғы тыңдаулар кезінде сот ғимаратының алдына жүздеген адам жиналды. Алайда сәрсенбі күні одан да көп адам жиналып, кетуден бас тартты. Шерушілер: "Масқара!" деп ұрандатты.

Қалқандары мен таяқтары бар ОМОН қызметкерлері жиналғандарды Алсынов мінген автозак өтуге тиіс қақпадан ығыстырды.

Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, қауіпсіздік күштері жиналған халыққа түтін мен көзден жас ағызатын газы бар бірнеше құты лақтырған. Сондай-ақ бірнеше адам зардап шекті, сот ғимаратына жедел жәрдем келді.

Жергілікті билік мыңдаған шеруші мен полиция арасындағы қақтығыстарға қатысты әзірге түсініктеме берген жоқ.

Алсынов ісі

Белсендіге қарсы іс өткен жылдың тамыз айында қозғалды, оның үстінен арызды Башқұртстан басшысы Радий Хабиров жазған. 2023 жылдың сәуірінде Алсынов Транс-Уралда ауыл шаруашылығы жерлерінің жойылуына және судың ластануына әкеліп соқтырған заңсыз алтын өндіруге қарсы ауылдық жиналысқа қатысқан.

Алсынов митингте сөйлеген сөзінде башқұрттар Украинада соғысып жатқанда, Башқұртстанда олардың жерін тартып алып жатқанын айтқан. Оның сөзінше, Башқұртстанда алтын өндіріп, табиғатқа зиян келтіргендер кейін өз еліне кете алады, ал алтын өндірудің зардабы жергілікті тұрғындар тартады.

"Армяндар өз еліне, "қара халық" атамекеніне, орыстар Рязаньға, татарлар Татарстанға кетеді". "Біз қоныс аудара алмаймыз, басқа үйіміз жоқ, үйіміз осында!" – деді Алсынов ( "Идель.Реалии" басылымынан алынған).

Бұдан бөлек, белсендіге "қара халық" деген сөз тіркесін қолданғаны үшін айып тағылған, бірақ бұл сөз қазіргі түркі тілдерінде қарапайым халыққа қатысты қолданылады.

Прокуратураға жолдаған хатында губернатор Хабиров белсендінің "башқұрт халқын армян, орыс және татар ұлттарының өкілдеріне қарсы қойғанын" айтқан.

Хабировтың шағымынан кейін жүргізілген сараптамада Алсыновтың сөзінде "армяндарға" теріс баға бергені айтылған. Іс қозғалғаннан кейін тағы бір сараптама жүргізілді, оған сәйкес белсенді екі топқа – "армяндарға" және "Кавказ немесе Орталық Азия тұрғындарына" теріс баға берген.

Алсыновтың өзі ол сөзін былай түсіндірді: "Мысалы, армяндар туған жеріне кете алады, татарларды да, орыстарды да айттым, бірақ мен олардың Башқұртстанда тұруға, жұмыс істеуге құқығы жоқ деген жоқпын... Мен бұл халықтардың өкілдерін еш айыптаған жоқпын, олар туралы кемсітетін сөздер айтқан жоқпын".

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2056059-basqurtstanda-zergilikti-belsendinin-ukiminen-keiin-serusiler-men-policiya-arasynda-qaqtygys-bastaldy/

pixel