Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

БАҚ: АҚШ пен Ұлыбритания Йеменге тағы да шабуыл жасады

Жарияланған күні:

Читать на русском
Эль-Мукалла қаласы
Йемен. Көрнекі фото: Craig Pershouse/Getty Images

Америкалық және йемендік ақпарат құралдары АҚШ пен Ұлыбритания қарулы күштерінің Йеменге жаңа соққылары туралы хабарлауда. Ақпарат әзірге ресми расталмаған.

CBS News телеарнасы Йемендегі хуситтерге жасалған бір апта ішіндегі төртінші шабуыл туралы америкалық шенеуніктерге сілтеме жасай отырып хабарлады. Шенеуніктердің аты-жөні аталмады.

Телеарна мәліметінше, соққылар шабуылға дайын тұрған бірнеше нысанға бағытталған.

Бұл соққылардың хуситтердің Қызыл теңіздегі сауда кемелеріне жасаған жаңа шабуылдарына жауап ретінде болғаны атап өтілді.

РБК телеарнасының мәліметінше, йемендік Al Masirah басылымы да Йемендегі хуситтердің позицияларына жасалған шабуыл туралы хабарлады. Оның айтуынша, британдық күштер АҚШ-пен бірге соққы беруде.

Телеарна "агрессия бес провинцияға - әл-Худейда, Таиз, Дхамар, әл-Байда және Саадаға бағытталған" деп хабарлады.

Естеріңізге сала кетейік, сенбі күні БАҚ АҚШ пен Ұлыбританияның Йемен астанасы Сана қаласына жаңа шабуылдар жасағанын жазған болатын. Кейін Пентагон бұл ақпаратты жоққа шығарған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2056099-baq-aqs-pen-ulybritaniya-iemenge-tagy-da-sabuyl-zasady/