Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

АҚШ-та ұшып бара жатқан ұшақ өртенді (видео)

Опубликовано:

Ұшақтан өрт шықты
Ұшақтан өрт шықты. Видеодан кадр: twitter.com/CitizenFreePres

АҚШ-та Boeing жүк ұшағы Майамиге шұғыл қонды. Ұшу кезінде ұшақтың қозғалтқышы өртенген. Оқиғаның видеосы желіде жарияланды.

Жарияланған видеода ұшақтың түнде ұшып бара жатқанын көруге болады. Кадрларда ұшақтың қозғалтқышынан от шығып, ұшақтың артында қызыл ұшқын пайда болған.

The Sun басылымының хабарлауынша, оқиға Atlas Air жүк тасымалдайтын Boeing 747-8 ұшағында болған.

Компания өкілдері Майами халықаралық әуежайынан көтерілгеннен кейін ұшақтың қозғалтқышында ақау болғанын растады.

Жүк ұшағы Майамиге оралып, аман-есен қонғаны, борттағы адамдардың зардап шекпегені хабарланды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2056487-aqs-ta-usyp-bara-zatqan-usaq-ortendi-video/

pixel