Стамбұлда қаруланған адамдар шіркеуге шабуыл жасады: бір адам қаза тапты (видео)
Жарияланған күні:
Түркия ішкі істер министрі Али Ерликая елдегі католиктік шіркеуге қарулы шабуыл жасалғанын мәлімдеді. Қазіргі уақытта бір адам қаза тапқаны белгілі болды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Түркия ІІМ басшысының мәлімдемесі Twitter-дегі парақшасында жарияланған.
Қайғылы жағдай жергілікті уақыт бойынша 11:40-та (Астана уақытымен 13:40-та) Ыстамбұлдағы Сарыер ауданда Санта-Мария шіркеуінде болған.
Али Ерликаяның ақпаратынша, қару ұстап, бетперде киген екі адам ер адамды атып кеткен.
"Аталған факт бойынша ауқымды тергеу басталды, полиция қаскөйлерді ұстау үшін барлық шараларды қолдануда", - деп мәлімдеі Ерликая.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2057904-stambulda-qarulangan-adamdar-sirkeuge-sabuyl-zasady-bir-adam-qaza-tapty-video/