Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Новости русской службы Би-би-си

Пәкістанның экс-премьері сайлау қарсаңында тағы 10 жылға бас бостандығынан айырылды

Опубликовано:

Имран Хан
Пәкістанның бұрынғы премьер-министрі Имран Хан. Фото: Arif Ali/Getty Images

Пәкістанның соты сейсенбіде бұрынғы премьер-министр Имран Ханды мемлекеттік құпияларды жария етті деген айыппен 10 жылға бас бостандығынан айырды. Бұл жөнінде оның партиясы хабарлады.

Соттың жаңа үкімі сайлауға бір апта қалғанда шықты, бірақ бұрынғы премьер-министрге оған түсуге тыйым салынған еді.

Хан өзіне тағылған айыптардың "саяси астары бар" екенін айтты.

Имран Хан және заң

Пәкістанның ең танымал спорт түрі – крикеттің бұрынғы жұлдызы Имран Хан 2018 жылы Пәкістанның премьер-министрі атанды, ол жемқорлықпен күресіп, елді экономикалық дағдарыстан шығаруға уәде берді. Оған Пәкістанда айтарлықтай ықпалы бар әскерилер де қолдау көрсетті.

Алайда 2022 жылдың сәуірінде сенімсіздік білдіріліп, ол биліктен шеттетілді. Сарапшылар бұған "премьер-министр лауазымына көтерген генералдардың қолдауынан айырылуы себеп болды" деп түсіндірді.

Оның орнына билікке Пәкістанды басқарған династиялық партиялардың тұрақсыз коалициясы келді.

2022 жылдың сәуірінде биліктен кеткеннен бері Ханның үстінен жүзге жуық іс қозғалды.

Оған тағылған айыптар арасында жемқорлық, терроризм және тіпті құдайға тіл тигізу бар. Сондай-ақ Хан Пәкістанның Вашингтондағы елшісінің үкіметке жіберген құпия хатының мазмұнын жариялаған деп айыпталған.

Бұрынғы премьер-министрдің партиясы бұл істі "ойдан шығарылған" деп санап, сот үкіміне қарсылық білдіруге ниетті, деп хабарлайды Reuters.

2022 жылы премьер-министр қызметінен шеттетілген Хан бұрын жемқорлық үшін үш жылға бас бостандығынан айырылған. Үкім 2023 жылдың тамыз айында шығарылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2058267-pakistannyn-eks-premeri-sailau-qarsanynda-tagy-10-zylga-bas-bostandygynan-aiyryldy/

pixel