Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өзбекстанда жолаушылар пойызы бір отбасы мінген көлікті қағып кетті: бес адам қаза тапты (видео)

Опубликовано:

Жол апаты болған сәт
Жол апаты болған сәт. Видеодан кадр: t.me/POLICE_UZ

Өзбекстанда жолаушылар пойызы ішінде жеті адамнан тұратын отбасы отырған көлікті қағып кетті. Салдарынан бес адам қаза тапты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Gazeta.uz басылымына сілтеме жасап.

Өзбекстан Бас прокуратурасының баспасөз хатшысы Хает Шамсутдиновтің айтуынша, жол апаты 31 қаңтарда Сұрқандария облысы Шурчинский ауданында болған. Жолаушылар пойызы теміржол өткелінде Gentra жеңіл көлігін соғып кеткен. Оның ішінде жеті адамнан тұратын бір отбасы мүшелері болған.

35 жастағы көлік жүргізушісі мен оның екі жастағы ұлы түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілген. Ал жүргізушінің 64 жастағы анасы, оның 29 жастағы келіншегі мен үш баласы - 12 жастағы қызы, 9 жастағы ұлы және 5 жасар қызы оқиға орнында қаза тапқан.

Басылым ақпаратынша, жол апаты болған теміржол өткелінде қорғау болмаған. Машинист апаттық тежегішті басқан. Алайда қайғылы жағдайдың алдын алу мүмкін болмаған.

Назар аударыңыз! Видеода қорқынышты кадрлар бар. Оны психикасы әлсіз, аяғы ауыр және 18 жасқа толмаған балаларға көру ұсынылмайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2058734-ozbekstanda-zolausylar-poiyzy-bir-otbasy-mingen-kolikti-qagyp-ketti-bes-adam-qaza-tapty-video/

pixel