Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бортта үш адам болған": Ресейде ТЖМ тікұшағы апатқа ұшырады

Опубликовано:

Тікұшақ
Тікұшақ. Көрнекі фото: Рexels.com

Ресейдің Карелия Республикасында бортында үш адам болған Төтенше жағдайлар министрлігінің Ми-8 тікұшағы байланысқа шықпай қалды. Кейін құтқарушылар тікұшақтың сынықтарын тапты. Бұл туралы РИА Новостиге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Бүгін түнде Карелияда Онега көлінің үстінде оқу-жаттығу ұшуын орындаған Ми-8 тікұшағы байланысқа шықпай қалғаны мәлім болды.

Бортта үш экипаж мүшесі болған.

Құтқарушылар кейін көл маңынан тікұшақ құлаған жерді анықтады.

"Ми-8 тікұшағының сынықтары жағадан 11 шақырым жерде табылды. Табылған жердегі көлдің тереңдігі 40 метрден 50 метрге дейін жетеді. Апаттың мән-жайын анықтау үшін жедел штаб пен комиссия құрылды", - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Жұмысқа 140-тан астам адам мен 33 техника жұмылдырылды. Басылым ақпаратынша, тікұшақты мыңдаған ұшу сағаты бар тәжірибелі экипаж басқарған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2059076-reseide-oqu-zattygu-kezinde-totense-zagdailar-ministrliginin-tikusagy-apatqa-usyrady/

pixel