Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Үш "Грэмми" алған рэпер марапаттау рәсімінде ұсталды

Жарияланған күні:

рэпер Киллер Майк
Қамауға алынған рэпер Киллер Майк. Фото: https://www.instagram.com/p/C29Rs71todW/

Америкалық рэпер Киллер Майк «Грэмми» марапаттау рәсімінде үш жүлде алған соң бірден ұсталды, деп хабарлайды Bloomberg агенттігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

2024 жылғы Грэмми сыйлығында үш номинациямен марапатталған рэп орындаушысы Киллер Майк ұсталды. The Hollywood Reporter жариялаған видеодан Майкты марапат рәсімінен соң полиция қызметкерлері қолына кісен салып, алып бара жатқаны көрінеді.

Лос-Анджелес полициясының өкілі Майк Лопес суретші аренадағы төбелесі үшін ұсталғанын айтты.

Майкл Рендер (рэпердің шын аты – ред. ескертпесі) қамауға алынғаннан кейін бірнеше сағаттан соң ешқайда кетпеу қолхатын жазып, босатылғаны хабарланды. Ол 29 ақпанда Лос-Анджелес сотына қатысады.

Оқиғаға дейін Киллер Майк "Ең үздік рэп орындаушысы", "Ең үздік рэп әні және ең үздік рэп альбомы үшін бірден үш "Грэмми" алған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2059187-us-gremmi-algan-reper-marapattau-rasiminde-ustaldy/