Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ұлыбритания королі III Чарльз қатерлі ісікке шалдықты

Опубликовано:

III Чарльз
III Чарльз. Фото: Getty Images/Peter Cziborra - WPA Pool

Ұлыбритания королі III Чарльзден қатерлі ісік анықталды. Ол ем қабылдай бастады, деп хабарлайды Букингем сарайына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Букингем сарайының ресми сайтында жарияланған ақпарат бойынша, III Чарльз ісікті тез анықтағаны үшін медицина қызметкерлеріне алғысын білдірді.

"Мәртебелім бүгін жүйелі ем алуды бастады, ем барысында дәрігерлер оған мемлекеттік міндеттерін кейінге қалдыруға кеңес берді. Осы кезең ішінде Мәртебелім мемлекеттік істер мен ресми құжаттаманы әдеттегідей жүргізе береді", - делінген корольдік отбасының баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Корольдің өзі емнің қажет нәтиже беретініне сенім білдіріп отырғаны мәлім болды.

Сарай монарх өз диагнозын осы тақырыптағы алып-қашпа әңгімелерден аулақ болу үшін және "бүкіл әлемде қатерлі ісікке шалдыққандардың барлығын қоғам болып түсінуге" көмектеседі деген үмітпен жариялағанын атап өтті.

Еске салайық, өткен айда III Чарльз қуықасты безінің ұлғаюына байланысты ота жасау үшін ауруханаға жатқызылғаны хабарланған еді. Операциядан кейін үш күннен кейін ол ауруханадан шығарылды, ота сәтті өтті. Осыдан кейін ол бірнеше рет көпшілік алдына шықты.

Айта кетейік, III Чарльз 75 жаста. Ол 2022 жылдың қыркүйегінде анасы II Елизавета қайтыс болғаннан кейін Ұлыбританияның жаңа королі болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2059295-ulybritaniya-koroli-iii-carlz-qaterli-isikke-saldyqty/

pixel