jitsu gif
Оқыс оқиға

    "Қорқынышты дыбыс пен өрт": Иранның магистральдық газ құбырында жарылыс болды (видео)

    Оқиға орны
    Оқиға орны. Видеодан кадр: twitter.com/albafella

    Бүгін түнде Иранда магистральдық газ құбырында жарылыс болды. Желіде оқиға орнынан түсірілген кадрлары жарияланды, деп хабарлайды РИА Новости-ге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Агенттік өкілдерінің жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап хабарлауынша, жарылыс пен одан кейінгі өрт Иранның орталығындағы Боруджен қаласындағы газ құбырының магистральдық желісінде болған.

    "Магистральдық газ құбырындағы жарылыстың қорқынышты дыбысы мен өрт Боруджен қаласындағы Халвай асуы мен Белдажи тасжолы арасында болды; зардап шеккендер туралы әлі хабарланбаған", - деді Иран өрт сөндірушілері.

    Боруджен қаласының мэрі Фатах Кареми өрттің "құбырдағы қалған газ көлемі толығымен жанып кеткенше" жалғасатынын айтты.

    Оның айтуынша, қазір Борудженнен Иранның басқа аймақтарына газ жеткізу тоқтап, өрт орнында құтқару және өрт сөндіру бригадалары жұмыс істеп жатыр.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.