Алексей Навальный колонияда қайтыс болды
Жарияланған күні:
Ресейлік оппозиция өкілі Алексей Навальный бүгін колонияда қайтыс болды. Бұл туралы Федералдық қылмыстық атқару қызметінің өкілдері хабарлады, деп жазады РИА Новостиге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Басылым ақпаратынша, Алексей Навальный жұма күні жазасын өтеп жатқан колонияда көз жұмды.
"16 ақпанда №3 түзеу колониясында сотталған Навальный А.А. серуендеуден кейін өзін нашар сезініп, бірден есінен танып қалды. Дереу мекеменің медицина қызметкерлері жетіп, жедел жәрдем шақырылды.
Барлық қажетті реанимациялық шаралар жүргізілді, бірақ оң нәтиже бермеді. Жедел жәрдем дәрігерлері сотталушының қайтыс болғанын тіркеді. Өлімнің себептері анықталуда", - делінген хабарда.
Айта кетсек, Алексей Навальный 47 жаста болған. Ол ресейлік саясаткер және оппозия өкілі. Оның артында әйелі мен бір ұлы қалды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2061435-reseilik-baq-aleksei-navaldyi-qaitys-boldy/