Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ЕО Ресейге қарсы 13-санкциялар пакетін жариялады: онда Қазақстан туралы айтылған

Жарияланған күні:

Читать на русском
Еуроодақ туы ілініп тұр
Еуроодақ туы. Көрнекі фото: pixabay.com

Еуроодақ Ресейдің Украинаға жаппай басып кіруінің екі жыл өтуіне байланысты Ресейге қарсы шектеу шараларының 13-пакетін қабылдады. Бұл туралы Еуроодақ кеңесіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Еуроодақ кеңесі Украинаның аумақтық тұтастығына, егемендігі мен тәуелсіздігіне нұқсан келтіретін немесе қауіп төндіретін әрекеттері үшін жауапты тағы 106 жеке және 88 заңды тұлғаға қатысты шектеу шараларын енгізу туралы шешім қабылдады.

"Бүгін келісілген жаңа тізімдер, ең алдымен, әскери және қорғаныс секторларына және солармен байланысты тұлғаларға, соның ішінде Солтүстік Кореяның Ресейге қару-жарақ жеткізуіне қатысқандарға, сондай-ақ сот билігінің өкілдеріне, жергілікті саясаткерлерге және заңсыз депортацияға жауапты адамдарға бағытталған", - делінген хабарламада.

Еуроодақ кеңесі мәлімдемесінде Ресей әскери-өнеркәсіп кешенін тікелей қолдайтындар тізіміне 27 жаңа ұйым қосылғаны мәлім болды.

"Оларға қосарлы мақсаттағы тауарлар мен технологияларға, сондай-ақ ресейлік қорғаныс және қауіпсіздік секторын технологиялық жетілдіруге ықпал ететін тауарлар мен технологияларға қатысты қатаң экспорттық шектеулер қойылады.

Бұл кәсіпорындардың кейбірі үшінші елдерде (Үндістан, Шри-Ланка, Қытай, Сербия, Қазақстан, Таиланд және Түркия) орналасқан және сауда шектеулерін айналып өтумен айналысады, ал басқалары — Ресейдің әскери-өнеркәсіптік кешеніне электронды компоненттерді әзірлеумен, өндірумен және жеткізумен айналысатын ресейлік кәсіпорындар", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар Ресейдің қорғаныс және қауіпсіздік секторын технологиялық жетілдіруге ықпал етуге бағытталған тыйым салынған тауарлардың тізімі ұшқышсыз ұшу аппараттарын әзірлеуге және өндіруге арналған компоненттер есебінен кеңейтілді.

Еуроодақ Ресейдің өнеркәсіптік әлеуетін нығайтуға көмектесетін тауарлардың экспортына да қосымша шектеулер енгізді. Атап айтқанда, оның қатарында электр трансформаторлары да бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2062699-eo-reseige-qarsy-13-sankciyalar-paketin-zariyalady-onda-qazaqstan-turaly-aitylgan/