Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Зеленский Украина әскері қорғанып қана қоймай, қарсы шабуылға шығатынын мәлімдеді

Опубликовано:

Владимир Зеленский
Владимир Зеленский. Фото: Stanislav Ivanov/Global Images Ukraine via Getty Images

Украина президенті Владимир Зеленский биыл оның елі қорғануға ғана емес, алға ұмтылуға да ниетті екенін айтты, деп хабарлайды "Украинская правдаға" сілтеме жаса KAZ.NUR.KZ.

Владимир Зеленский Fox News-ке сұхбат берді, онда ол биыл Украина қорғануды ғана емес, сонымен бірге алға жылжуды жоспарлап отырғанын айтты.

2023 жылғы контршабуылға түсініктеме бере отырып, украин лидері мұндай әрекеттерде жауынгерлердің өмірі туралы ойлау керек деп мәлімдеді, өйткені қарқынды қозғалыс адамдардың жоғалуына әкеп соғады.

Егер Украина, Зеленскийдің айтуынша, сарбаздарынан айырылса, оның жоғалтатыны көп болады.

"Қорғаныс - бірінші міндет. Қара теңіздегі сәтті жолымызды жалғастырамыз. Егжей-тегжейлі сипаттап айтпаймын, бірақ олардың, ресейліктердің алар тосынсыйы көп болады. Оңтүстік маңызды. 200 мыңнан астам сарбазы бар шығысты қорғау да өте маңызды. Әрине, біз жаңадан қарсы шабуыл, жаңа операция дайындаймыз. Әрине, біз жай ғана бір орында тұрамыз деп айтпаймын. Бұл көп нәрсеге байланысты", - дейді Украина басшысы.

Зеленский соғыс алаңындағы қазіргі жағдай әділетсіз, яғни күштер тең емес екенін атап өтіп, Батысты әуе қорғанысы үшін Patriot жүйелерін беруге шақырды.

Еске салайық, Украина Қарулы күштерінің қарсы шабуылы 2023 жылдың 1 маусымынан басталған еді. Ал былтырғы қазанда Ресей президенті Владимир Путин Украинаның қарсы шабуылы сәтсіз аяқталды деп мәлімдеді. Желтоқсан айында Зеленский мұны мойындады, бірақ олар шегінбейтінін айтқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2062738-zelenskii-ukraina-askeri-qorganyp-qana-qoimai-qarsy-sabuylga-sygatynyn-malimdedi/

pixel