jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
18+
ГҚ
Гүлзат Қазанғапова
Бұрынғы қызметкер

"Украинадағы соғыс алдағы айларда аяқталуы мүмкін": Жозеп Боррель Еуропаға үн қатты

Жозеп Боррель
Жозеп Боррель. Фото: Kay Nietfeld - Pool / Getty Images

Еуропа дипломатиясының басшысы Жозеп Боррель Украинадағы соғыс алдағы айларда аяқталуы мүмкін екенін айтты. Ол Еуропаны жедел түрде көмек көрсетуге шақырды. Бұл туралы РБК сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Еуроодақтың сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғары өкілі Жозеп Боррель El Pais басылымына берген сұхбатында Еуропаны "оянуға" және Украинаға көбірек көмек көрсетуге шақырды. Оның айтуынша, соғыс алдағы бірнеше айда аяқталуы мүмкін.

"Егер біз Украинаның қарсыласқанын қаласақ, оған тезірек әрі көбірек көмек көрсетуіміз керек.

Еуропа қауіпті әлемде өмір сүріп жатқанын түсінді. Біз жауапкершілікті өз мойнымызға алып, қорғаныс қабілетімізді арттыруымыз және кез келген жағдайға дайын болуымыз керек", - деді Боррель.

Еске сала кетейік, Украинадағы соғыс қимылдарының басынан – 2022 жылдың 24 ақпанынан бастап ЕО Ресейге қарсы түрлі санкция сала бастады. Жақында Украинаға жаппай басып кірудің екі жылдығына байланысты блок өзінің 13-санкциялар шаралар пакетін жариялады.

24 ақпанда Киевке соғыстың екі жылдығына байланысты Еуропалық комиссия төрағасы, Бельгия, Италия және Канаданың премьер-министрлері, сондай-ақ Ұлыбритания министрлер кабинетінің бұрынғы басшысы Борис Джонсон келді.

Сонымен қатар елдің Еуропалық Одаққа кіруі жөніндегі келіссөздер жазға қалды. Шамамен сол уақытта Украина тарапы НАТО-ға шақыру алуы мүмкін.

Бұған дейін Дания премьер-министрі Метте Фредериксен оның елі барлық артиллериясын Украинаға жіберетінін, себебі өздері қолданбайтынын айтқан.

Осы уақытта президент Владимир Зеленский Украинаның жаңа қарсы шабуылын жариялады.

"Украинадағы соғыс алдағы айларда аяқталуы мүмкін": Жозеп Боррель Еуропаға үн қатты

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.