Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өзбекстанда сироптан 68 бала қаза болған атышулы істе сот үкімі шықты

Опубликовано:

Дәрі тамызғыштан дәрі тамшылап тұр
Дәрі тамызғыш. Көрнекі фото: Bing Guan/Bloomberg/Getty Images

Бүгін Ташкентте жөтел сиропынан балалардың жаппай уланып қаза болу ісі бойынша сот үкімі шығарылды. Бас-аяғы 23 адам сот алдына келді, деп хабарлайды "Газета.uz".

Айта кетейік, 68 бала Үндістанның Marion Biotech фармацевтикалық компаниясының суық тиюге қарсы препараттарын, соның ішінде "Док-1 Макс" сиропын қабылдағаннан кейін қайтыс болған.

Фармацевтика саласын дамыту агенттігінің және дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы сараптау және стандарттау мемлекеттік орталығының бұрынғы директоры Сардор Кариев 2 жыл 6 ай ішінде мемлекеттік органдарда басшылық лауазымдарда жұмыс істеу құқығынан айырыоа отырып, 18 жылға бас бостандығынан айырылды.

Оның орынбасарлары Әмірхан Акбар угли Әзімов пен Нодирбек Ділшодұлы Мұсаев 2 жыл 6 ай ішінде мемлекеттік органдарда басшылық лауазымдарда жұмыс істеу құқығынан айырыла отырып, 16 жыл колонияға кесілді.

Quramax Medikal директоры Рагвендра Пратар (Singh Ragvendra Pratar), Үндістан азаматы, 20 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сондай-ақ сотталушылардың бәрі 3 жылдан 16,5 жылға дейінгі жазаға кесілді.

Сонымен қатар сот сотталушыларға препараттан уланған 68 қаза тапқан және 16 зардап шеккен баланың отбасыларына 75,6 миллиард сом моральдық шығын төлеуге міндеттеді.

Еске салайық, 2022 жылдың желтоқсанында БАҚ-та Өзбекстанның Самарқанд облысында "ДОК-1 Макс" сиропын қабылдағаннан кейін екі ай ішінде 15 бала қайтыс болды деген ақпарат шықты.

Қазақстан ДСМ өкілдері елімізде бұл препарат сатылмайтынын атап өтті.

Кейінірек қайтыс болған балалардың саны артты. Балалардың қайтыс болу фактісі бойынша препарат өндірілген Өзбекстан мен Үндістанда қылмыстық іс қозғалды. Бұл сиропты Өзбекстанға Quramax компаниясы импорттаған, ал өндіруші - Үндістанның Marion Biotech компаниясы.

Көп ұзамай Өзбекстанда Marion Biotech шығарған тағы бір жөтелде ішетін сиропын сату тоқтатылды. Сөйтсек, препарат нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес келмеген екен.

2023 жылдың аяғында Үндістан Өзбекстан мен Гамбияда балалар қайтыс болғаннан кейін дәрі-дәрмек өндірушілерге қойылатын талаптарды күшейтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2063120-ozbekstanda-siroptan-68-bala-qaza-bolgan-atysuly-iste-sot-ukimi-syqty/

pixel