jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Қырғызстанда Сооронбай Жээнбековті экс-президент мәртебесінен айыру ұсынылды

Сооронбай Жээнбеков без галстука
Сооронбай Жээнбеков. Фото: president.kg

Қырғызстанда Сооронбай Жээнбековті экс-президент мәртебесінен айыру ұсынылды. Бұл туралы Sputnik Кыргызстан агенттігі хабарлады.

Агенттік мәліметінше, бұл бастаманы парламентте депутат Ақылбек Түмонбаев көтерген.

Ол осы мәселе бойынша депутаттық комиссия құру керегін айтты.

Жээнбеков 2017 жылы Қырғыз Республикасының президенті болып сайланды. 2020 жылы қазан оқиғасынан кейін отставкаға кеткен.

Агенттік ақпаратына сүйенсек, Сооронбай Жээнбеков 1958 жылы 16 қарашада Ош облысы, Қарақұлджа ауданы, Тельман ауылында дүниеге келген. 1983 жылы К.И. Скрябин атындағы Қырғыз ауыл шаруашылығы институтын инженер мамандығы бойынша бітірген.

Қырғыз Республикасы басшысы Садыр Жапаров Жээнбековке елдің экс-президенті мәртебесін берген болатын.

Қырғызстанда Сооронбай Жээнбековті экс-президент мәртебесінен айыру ұсынылды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.