Армения Еуроодаққа мүшелікке кандидат болуға дайын екенін мәлімдеді
Жарияланған күні:
Армения парламентінің спикері ел Еуроодаққа мүшелікке кандидат болуға дайын екенін және одақпен қарым-қатынасты тереңдткісі келетінін мәлімдеді. Бұл туралы Интерфакс басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.
Армения парламентінің спикері Ален Симонян республика Еуроодақпен қарым-қатынасты тереңдетуге дайын екенін, тіпті Ео-ға мүшелікке кандидат болуға дайын екенін мәлімдеді.
"Біз сөзсіз дайынбыз", - деді Симонян тиісті сұраққа жауап бере отырып.
Ол Армения барынша қауіпсіздікті қамтамасыз ететін жолмен жүруге дайын екенін айтты.
"Бүгін демократиялы ел болу - қауіпсіздіктің ең үлкен жүйесі. Біздің ойымызша, біздің қауіпсіздігіміз - демократиялы ел болу, демократиялы жүйемен тығыс жұмыс істеу", - деді парламент спикері.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2063838-armeniya-euroodaqqa-muselikke-kandidat-boluga-daiyn-ekenin-malimdedi/