Украинаның Қазақстандағы бұрынғы елшісіне халықаралық іздеу жарияланды
Жарияланған күні:
Читать на русскомУкраинаның Қазақстандағы бұрынғы елшісі Петр Врублевскийге Ресейде халықаралық және федералдық іздеу жарияланды. Сондай-ақ ол екі айға сырттай қамауға алынды, деп хабарлайды ТАСС агенттігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Украинаның Қазақстандағы бұрынғы елшісі Петр Врублевскийге халықаралық және федералдық іздеу жарияланып, Ресейде сырттай қамауға алынды.
"Алдын ала тергеу органы Ресей Федерациясы Қылмыстық кодексінің 282-бабы 2-бөлігінің "а" тармағында көзделген қылмысты жасады деп сырттай айыпталған Петр Юрьевич Врублевскийге қатысты қылмыстық істі тергеу барысында украиналық дипломатқа федералды, халықаралық іздеу жариялау туралы қаулы шығарды", - деп түсіндірді құқық қорғау органдары басылымға.
Мәскеу соты тергеудің Врублевскийге қатысты "Ресей Федерациясының аумағына экстрадицияланған немесе айыпталушы ұсталған кезден бастап есептегенде, екі айға қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын таңдау туралы" өтінішін қанағаттандырды.
Айта кетейік, бұған дейін оның үстінен Ресейде қылмыстық іс қозғалып, экстремистер мен террористер тізіміне енгізілген болатын.
2022 жылы қазанда Украина президенті Владимир Зеленский Украинаның Қазақстандағы елшісі Петр Врублевскийді қызметінен босатқан.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2064261-ukrainanyn-qazaqstandagy-buryngy-elsisine-xalyqaralyq-izdeu-zariyalandy/