Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Басы дауға қалған Украинаның Қазақстандағы экс-елшісі Ресейдегі террористер тізіміне енді

Опубликовано:

Петр Врублевский
Петр Врублевский. Фото: kazakhstan.mfa.gov.ua

Украинаның Қазақстандағы бұрынғы елшісі Петр Врублевский Ресейдегі экстремистер мен террористер тізіміне енді. Бұл туралы РИА Новости агенттігі хабарлайды.

Ресейлік басылымның ақпаратынша, экстремистер мен террористер тізімі Росфинмониторинг базасында орналастырылған.

"Врублевский Петр Юрьевич, 1970 жылы 15 шілдеде туған, Киев қаласы" деп тізімде экс-елшінің аты-жөні жазылған.

Еске салайық, Украинаның Қазақстандағы бұрынғы елшісі Петр Врублевский 2022 жылғы жаз мезгілінде қазақстандық блогерлердің біріне берген сұхбатында айтқан сөздері үшін басы дауға қалған болатын. Бұдан кейін Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері оның мәлімдемесін айыптады.

2022 жылы қазанда Украина президенті Владимир Зеленский Украинаның Қазақстандағы елшісі Петр Врублевскийді қызметінен босатқан. Содан бері Украинаның Қазақстандағы елшісі тағайындалмаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2059380-basy-dauga-qalgan-ukrainanyn-qazaqstandagy-eks-elsisi-reseidegi-terrorister-tizimine-endi/

pixel