АҚШ Конгресі өкілдер палатасы TikTok-қа қарсы заң жобасына дауыс берді
Жарияланған күні:
Читать на русскомАҚШ Конгресі өкілдер палатасы ел аумағында TikTok-қа тыйым салатын заң қабылдады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ The Wall Street Journal басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Шетелдік басылым мәлеметінше, жаң жобасы 352 дауыспен мақұлданды. 65 адам қарсы дауыс берді. Егер заң жобасы қабылданса, TikTok-тың қытайлық ByteDance компаниясынан бөлініп шығуына шамамен бес ай уақыт беріледі.
Заң жобасын әзірлеушілердің айтуынша, TikTok ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіреді. Себебі Қытай билігі өзінің барлау туралы заңдарын ByteDance-ке қарсы пайдаланып, аталмыш әлеуметтік желіге тіркелген АҚШ азаматтарының деректеріне қол жеткізуі мүмкін.
Енді заң жобасы cенатқа жіберіледі.
Қытай сыртқы істер министрлігі өкілдер палатасының әрекетіне жауап беріп, оны "қорқыту әрекеті" деп атады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2068323-aqs-kongresi-okilder-palatasy-tiktok-qa-qarsy-zan-zobasyna-dauys-berdi/