jitsu gif branding logo appbranding logo app

АҚШ Конгресі өкілдер палатасы TikTok-қа қарсы заң жобасына дауыс берді

Смартфондағы әлеуметтік желі қолданбалары. Көрнекі сурет
Смартфондағы әлеуметтік желі қолданбалары. Көрнекі сурет. Фото: Jonathan Raa/NurPhoto via Getty Images

АҚШ Конгресі өкілдер палатасы ел аумағында TikTok-қа тыйым салатын заң қабылдады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ The Wall Street Journal басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Шетелдік басылым мәлеметінше, жаң жобасы 352 дауыспен мақұлданды. 65 адам қарсы дауыс берді. Егер заң жобасы қабылданса, TikTok-тың қытайлық ByteDance компаниясынан бөлініп шығуына шамамен бес ай уақыт беріледі.

Заң жобасын әзірлеушілердің айтуынша, TikTok ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіреді. Себебі Қытай билігі өзінің барлау туралы заңдарын ByteDance-ке қарсы пайдаланып, аталмыш әлеуметтік желіге тіркелген АҚШ азаматтарының деректеріне қол жеткізуі мүмкін.

Енді заң жобасы cенатқа жіберіледі.

Қытай сыртқы істер министрлігі өкілдер палатасының әрекетіне жауап беріп, оны "қорқыту әрекеті" деп атады.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.