jitsu gif
Саясат

    Елисей сарайында Макронның қазақы тазылармен түскен суреті жарияланды

    Эммануэль Макрон тазылармен бірге
    Эммануэль Макрон тазылармен бірге. Фото: instagram.com/soazigdelamoissonniere

    Франция президенті Эммануэль Макрон мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сыйлаған қазақы тазы иттерімен бірге көзге түсті. Фотоны Instagram желісінде Франция президентінің жеке фотографы жариялады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    "14/03/2024. Елисей сарайы... Жұмыс күнінің соңы", - деп жазды автор.

    Фотосуретте Эммануэль Макронның жанында үш ит – екі тазы иті мен қара лабрадор бейнеленген.

    Естеріңізге сала кетейік, ақпанда Қасым-Жомарт Тоқаев Эммануэль Макронға тазы күшіктерін сыйлаған еді.

    Ақорда Франция президенті өткен жылдың қараша айында Астанаға сапары барысында Қазақстан басшысының шақыруымен "Этноауыл" көрмесін тамашалағанын, ол жерде тазыларды ерекше ұнатқанын атап өтті. Содан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев француз әріптесіне ит беруге уәде берді.

    Осылайша бес айлық екі күшік Парижге жеткізілді. Үй жануарларын ветеринарлар тексеріп, уақытша карантинге алды. Сонымен қатар француз тарапына тазы бағу, азықтандыру бойынша ұсыныстар берілді.

    Күшіктерге Жюль және Жанна есімдері қойылған. Олар Макрон 2017 жылы жануарларға арналған баспанадан асырап алған қара лабрадор Немомен тез достасып кетті.

    Елисей сарайында Макронның қазақы тазылармен түскен суреті жарияланды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.