Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ұлыбритания королі өзінің қайтыс болғаны туралы қауесеттен кейін алғаш рет көзге түсті (фото)

Жарияланған күні:

Карл III
Карл III. Фото: Hannah McKay / POOL / AFP / Getty Images

Ұлыбритания королі III Чарльз бір күн бұрын БАҚ-та өзінің қайтыс болғаны туралы қауесет тарағаннан кейін көзге түскен. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Daily Mail-ге сілтеме жасап хабарлайды.

Басылымның жазуынша, Монарх Виндзор қамалынан шығып, бүгін таңертең Лондондағы Кларенс-хаусқа келген.

Қатерлі ісік ауруынан емделіп жатқан 75 жастағы III Чарльз король отбасына арналған лимузиннің артқы орындығында отырған. Басылым оның фотосуретін де жариялады.

Естеріңізге сала кетейік, бір күн бұрын желіде Ұлыбритания королінің қайтыс болғаны туралы ақпарат тарағанын жазған болатынбыз. Жазбалардың авторлары Букингем сарайының мәлімдемесі делінген хабарламаға сілтеме жасаған. Алайда сарайдың ресми сайтында мұндай ақпарат жарияланған жоқ. Ағылшын тілді БАҚ-та да монархтың өлімі туралы ештеңе айтылмады.

Ақпан айының басында Букингем сарайы Ұлыбритания королі ІІІ Чарльз қатерлі ісікке шалдыққанын ресми түрде мәлімдеген еді. Сол уақытта оның ем алып жатқаны хабарланған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2071038-ulybritaniya-koroli-ozinin-qaitys-bolgany-turaly-qauesetten-keiin-algas-ret-kozge-tusti-foto/