Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Желіде Ұлыбритания королінің қайтыс болғаны туралы ақпарат тарады

Жарияланған күні:

III Чарльз
III Чарльз. Фото: Getty Images/Peter Cziborra - WPA Pool

Желіде Ұлыбритания королі III Чарльздің қайтыс болғаны туралы хабарлама пайда болды. Бірақ бұл туралы ресми мәлімдеме жоқ, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бүгін бірқатар БАҚ пен Telegram арналары король III Чарльздің қайтыс болғанын хабарлады.

Жазба авторлары Букингем сарайының мәлімдемесіне сілтеме жасады, бірақ сарайдың ресми парақшаларында мұндай ақпарат жоқ.

Мысалы, осындай мәлімдеме ресейлік Baza және Mash Telegram-арнасында пайда болды. Кейінірек арна авторлары жазбасын жаңартып, ақпараттың жалған болып шыққанын айтты.

Айта кетсек, ақпанда Букингем сарайы Ұлыбритания королі III Чарльз қатерлі ісікке шалдыққанын хабарлады.

Одан бөлек қаңтарда III Чарльз қуықасты безінің ұлғаюына байланысты ота жасау үшін ауруханаға жатқызылғаны хабарланған еді. Операциядан кейін үш күннен кейін ол ауруханадан шығарылды, ота сәтті өтті. Осыдан кейін ол бірнеше рет көпшілік алдына шықты.

ІII Чарльз 75 жаста. Ол 2022 жылдың қыркүйегінде анасы II Елизавета қайтыс болғаннан кейін Ұлыбританияның жаңа королі болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2070348-zelide-ulybritaniya-korolinin-qaitys-bolgany-turaly-aqparat-tarady/