jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
18+
Ардақ Құлтай
Ардақ Құлтай
Бұрынғы қызметкер

Мәскеу маңындағы "Крокус Сити Холл" концерт залында белгісіз біреулер атыс шығарды

"Крокус Сити холл" ғимараты
"Крокус Сити холл" ғимараты. Фото: https://t.me/kontext_channel

Мәскеу маңындағы "Крокус Сити Холл" концерт залында белгісіз біреулер атыс шығарды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ ресейлік БАҚ-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Мәскеу маңындағы Красногорск қаласында болған оқиға туралы хабар ресейлік баспасөзде 22 наурызда сағат 22:15-те жариялана бастады. "Крокус Сити Холл" ғимаратында "Пикник" тобының концерті өтуі керек болған. Алайда ғимаратқа белгісіз біреулер кіріп келіп, атыс шығарған. Музыканттар сахнаға шығып үлгермеген.

Ресейлік баспасөз кем дегенде 12 адам қаза болғанын хабарлап жатыр. Алайда ресми ақпарат әзірше жоқ.

Кейінірек ғимаратта өрт шығып, куәгерлер оның видеосын жариялай бастады. Оқиға орнында жарылыс естілгені де хабарланды. Telegram-дағы "Осторожно, новости" арнасы Подмосковье губернаторы оқиға орнына шыққанын және көршілер орналасқан "Вегас" сауда үйінен эвакуация жүргізілгенін хабарлады.

РИА Новости хабарына қарағанда, арнайы жасақ жауынгерлері өртсөндірушілермен бірге "Крокус Сити Холл" ғимаратының ішінде жұмыс істеп жатыр, адамдарды эвакуациялау жүріп, қылмыскерлерді іздеу операциясы басталған.

Мәскеу мэрі Сергей Собянин осы демалыс күндері Мәскеуде барлық спорттық, мәдени және басқа да бұқаралық шараларды тоқтату туралы шешім қабылдағанын мәлімдеді.

Мәскеу маңындағы "Крокус Сити Холл" концерт залында белгісіз біреулер атыс шығарды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.