Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Крокус Сити Холлдағы" теракт салдарынан қаза тапқандар саны артты

Жарияланған күні:

Читать на русском
"Крокус Сити Холл" ғимараты
"Крокус Сити Холл" ғимараты. Фото: t.me/sledcom_press

Мәскеу маңындағы "Крокус Сити Холл" концерт залында болған теракт салдарынан қаза тапқандар саны 137 адамға жетті. Бұл туралы Ресей Федерациясының Тергеу комитетіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

РФ Тергеу комитетінің ресми Telegram арнасындағы ақпаратқа сүйенсек, Мәскеу маңындағы Красногорск қаласында орналасқан "Крокус Сити Холлда" теракт болған. Тергеушілер мен криминалистер оқиға орнында жұмыстарын жалғастырып отыр.

"Оқиғаның барлық мән-жайын анықтау мақсатында қылмыстық іс бойынша дәлелдемелерді жинап, процессуалдық біріктіру жұмыстары жалғасып жатыр.

Қылмыс болған жерді тексеру барысында адам денелерінде я өзге жерлерде бомбы орнатылғанының ізі табылмады", – деді ведомство өкілдері.

Қайғылы оқиға болған жерде шабуылдаушылар қаруланған 4 жауынгерлік оқ-дәрі, 500-ден астам патрон мен 28 оқ-дәрі, 2 Калашников автоматы табылып, тәркіленді.

Күдіктілерді Брянск облысында ұстаған кезде "Рено" автокөлігінен "Макаров" тапаншасы мен "Калашников" автоматының магазині табылып, тәркіленді. Тәркіленген қаруларға қажетті кешенді сараптамалар тағайындалды.

Теракт жасады деген күдікке ілінген тұлғаларға қатысты тергеу амалдары жүргізілуде. Жақын арада Ресей Тергеу комитетінің тергеушілері төрт күдіктіге қатысты қамауға алу түрінде бұлтартпау шарасын қолдану шешімін қабылдайды.

"Қаза болғандардың денелерін тану жұмыстары жалғасып отыр. Қазіргі уақытта қайғылы оқиға болған жерден 137 адамның денесі табылды, оның үшеуі балалар. Қылмыс орнын тексеру жалғасып отыр. Бүгінгі таңда 62 адамның денесі танылды. Қалған зардап шеккендердің жеке басын анықтау үшін генетикалық сараптама жүргізілуде.

Зардап шеккендерге қатысты тергеу амалдары жүргізіліп отыр. Теракт болған күні концерттік кешенде болған адамдарға жеке заттарын, құжаттарын және көліктерін қайтару жұмыстары басталды", – деп хабарлады Ресей Тергеу комитеті.

Сондай-ақ комитет өкілдерінің айтуынша, қылмыстық істі тергеу жұмыстары РФ Тергеу комитеті төрағасының жеке бақылауында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2072817-krokus-siti-xolldagy-terakt-saldarynan-qaza-tapqandar-sany-artty/