jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
18+
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

АҚШ-та 2,5 километрге созылатын көпір опырылды (видео)

Көпірдің құлаған сәті
Көпірдің құлаған сәті. Видеодан кадр: twitter.com/9NewsAUS

АҚШ-тың Балтимор қаласында 2,5 километрге созылатын төрт жолақты көпір опырылды. Төтенше жағдай таңғы уақытта болған, зардап шеккендер туралы әзірге нақты ақпарат жоқ, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ CNN-ге сілтеме жасап.

Сейсенбі күні, таңертең Балтимордағы (АҚШ, Мэриленд штаты) 2,5 километрге созылатын төрт жолақты Фрэнсис Скотт-Ки көпіріне контейнер тасушы үлкен кеме соғылып, кейін көпір опырылған.

Мэриленд штатының көлік басқармасы барлық қозғалыс тоқтатылғанын айтты. Әзірге қаза тапқандар мен зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.

Айта кетейік, Фрэнсис Скотт-Ки көпірі Балтимор белдеуіндегі маңызды бөлік саналады.

Әлеуметтік желіде көпірдің опырылған сәтінен кадрлар пайда болды.

АҚШ-та 2,5 километрге созылатын көпір опырылды (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.