Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Санкт-Петербург соттары жүздеген шетелдікті Ресейден кетуге міндеттеді

Жарияланған күні:

Санкт-Петербург
Санкт-Петербург. Көрнекі сурет: pxhere.com

Көші-қон заңнамасын бұзған 500-ге жуық шетелдік азаматқа Ресейден кетуге қаулы шығарылды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Санкт-Петербург соттарының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Санкт-Петербург соттарының бірлескен баспасөз қызметінің жетекшісі Дарья Лебедеваның Telegram-да хабарлауынша, көші-қон заңнамасын бұзған 418 шетел азаматы Ресейден күштеп шығарылады.

"25-29 наурыз аралығында қаламыздың аудандық соттарына РФ ӘҚБтК-нің 18.8-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша 584 материал келіп түсті, 584 істің 515-ін соттар қарады", - деп жазады Лебедева.

Осылайша, сот шешімімен 418 шетелдікке ел аумағынан мәжбүрлеп шығарып жіберу жазасы қолданылып, шетел азаматтары уақытша ұстау изоляторына орналастырылды.

Тағы 48 адам айыппұл төлеп, Ресейден өз бетімен кетуге міндеттелді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2076189-sankt-peterburg-sottary-zuzdegen-seteldikti-reseiden-ketuge-mindettedi/