Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Стамбұлда өрттен 29 адам қаза тапты

Опубликовано:

Стамбұл, өрт шыққан көпқабатты үй
Стамбұл, өрт шыққан көпқабатты үй. Фото: Ozan Kose/AFP/Getty Images

Стамбұлда бүгін 16 қабатты тұрғын үйде өрт шықты. Қазіргі уақытта 29 адамның қаза болғаны анықталды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

TRT Haber басылымының мәліметінше, Стамбұлда бүгін 16 қабатты тұрғын үйдің жертөлесінде орналасқан түнгі клубтан өрт шыққан.

Оқиға орнына полицейлер мен жедел жәрдем, өрт сөндірушілер келіп жеткен.

Өрттен 29 адам қаза тауып, бір адам ауруханаға жеткізілді. Қазір оны емдеу үстінде.

Тасс мәліметінше, Стамбұл билігі өрт алдында кейбір куәгерлер жарылыс дауысын естігенін ресми растамаған.

Қаза тапқандардың көбісі – жұмысшы. Олар өрт шыққан түнгі клуб орналасқан жертөледе құрылыс жұмысын жүргізген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2077802-stambulda-ortten-29-adam-qaza-tapty/

pixel