Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Рахмон: Тәжікстан азаматтарының мүдделі топтардың ойыншығына айналуына жол бермеуіміз керек

Жарияланған күні:

Читать на русском
Эмомали Рахмон
Эмомали Рахмон. Фото: t.me/aqorda_resmi

Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон Ораза айт мерекесіне орай жолдаған құттықтауында әлемдегі жағдайға тоқталып, жерлестеріне үндеу жасады. Бұл жөнінде ел президентінің ресми сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Президенттің құттықтау сөзі Тәжікстан басшысының ресми сайтында жарияланды.

Рахмон өз құттықтауында республика азаматтарын саяси қырағылыққа, тәжік халқының ар-намысына кір келтірмеуге және мүдделі күштердің ересектер мен балаларды пайдалануына жол бермеуге шақырды.

"Біз балаларымызды даңқты бабаларымыздың есіміне лайық болатындай етіп, мемлекет пен ұлттың халықаралық аренадағы беделі мен имиджін көтеріп, ешбір жағдайда тәжік халқының абыройына нұқсан келтірмейтіндей етіп тәрбиелеуіміз керек", - деп мәлімдеді Тәжікстан президенті.

Ол ел халқын құқықтық тәрбиеге ерекше көңіл бөлуге, Конституция мен басқа да қолданыстағы заңдар аясында өмір сүруге және жұмыс істеуді үйренуге, заңның сақталуын міндетті және күнделікті әдетке айналдыруға шақырды.

"Біз қазіргі әлемдегі жағдай қалай шиеленісіп жатқанын, әлемді қайта бөліусу үдерісінің күшейіп жатқанын, жылдам қарулану мен "қырғи-қабақ соғыстың" жаңа кезеңі жалғасып жатқанын көріп отырмыз, ертең не болатынын ешкім болжай алмайды. Осындай аса қиын және қауіпті жағдайларда азаматтарымыздың, балаларымыздың мүдделі топтар мен күштердің қолындағы ойыншыққа айналуына жол бермеуіміз керек", - деді Рахмон Тәжікстан азаматтарына.

"Крокус Сити Холл" ғимаратындағы теракт

22 наурызда кешке Ресейдің Федералды қауіпсіздік қызметі Мәскеу түбіндегі Красногорск қаласындағы "Крокус Сити Холл" ғимаратында атыс пен өрт болғанын хабарлады. Бұл жерде "Пикник" тобының концерті өтуі керек еді.

Бұл оқиғадан кейін Ресей Тергеу комитеті терактіге қатысты қылмыстық іс қозғады. Ресей Федеральды қауіпсіздік қызметі "Крокус-Сити Холлдағы" терактіге тікелей қатысы бар деген күдікпен 10 адамды ұстаған болатын.

Желіде Мәскеудегі террорлық шабуылды Тәжікстан азаматтары жасаған болуы мүмкін деген ақпарат тарады. Тәжікстанның Сыртқы істер министрлігі бұл қауесетті жоққа шығарды.

24 наурыз Ресейде ұлттық аза тұту күні деп жарияланды.

Соңғы мәлімет бойынша "Крокус-Сити Холлдағы" лаңкестік әрекеттің салдарынан қаза тапқандар саны 144 адам көз жұмып, тағы 551 адам зардап шеккен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2081867-tazikstan-prezidenti-azamattarymyzdyn-muddeli-toptardyn-oiynsygyna-ainaluyna-zol-bermeuimiz-kerek/