Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ресейде 24 наурыз ұлттық аза тұту күні деп жарияланды

Опубликовано:

"Крокус Сити Холл" кешені терактіден кейін
"Крокус Сити Холл" кешені терактіден кейін. Фото: Мәскеу облысы губернаторының баспасөз қызметі

Ресей басшысы Владимир Путин "Крокус Сити Холлдағы" терактіден кейін ел азаматтарына видеоүндеу жариялады. Владимир Путин 24 наурызды Ресейде аза тұту күні деп жариялады, деп хабарлайды Кремльдің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Владимир Путин халыққа арнаған видеоүндеуінде жексенбі, 24 наурыз Ресейде ұлттық аза тұту күні болып жарияланғанын мәлім етті.

Ресей президентінің айтуынша, террорлық шабуылға қатысы бар төрт адам ұсталды. Ол Ресейге қарсы шабуыл жасағандар жазаланатынын айтты.

Путин зардап шеккендерді ауруханаларға жеткізген Төтенше жағдайлар қызметі, барлық жауапты қызмет өкілдеріне, көмек берген ресейліктерге алғыс айтты. Сондай-ақ Ресей басшысы барлық зардап шеккен азаматқа көмектесуге уәде беріп, қаза тапқандардың отбасын көңіл айтты.

Мәскеу маңындағы "Крокус Сити Холлда" болған теракт

22 наурызда Мәскеу маңындағы "Крокус Сити Холл" концерт залында белгісіз біреулер атыс шығарғаны туралы ақпарат тарады. Концерт залының ғимаратында "Пикник" тобының концерті өтуі керек болған. Алайда ғимаратқа белгісіз біреулер кіріп келіп, атыс шығарған. Артынша ғимаратта өрт шығып, куәгерлер оқиғаның видеосын жариялаған. Оқиға орнында жарылыс болғаны да хабарланды.

Ресейдің Тергеу комитеті атыстан 115 адам қаза тапқанын, құрбандар саны артуы мүмкін екенін мәлім етті.

Ресей Федеральды қауіпсіздік қызметі басшысы Александр Бортников Владимир Путинге ғимаратына террорлық шабуыл жасаған 11 адамның, оның ішінде Крокус-Сити Холлдағы терактіге тікелей қатысы бар төрт террористің де ұсталғаны туралы баяндады.

Қайғылы оқиғаға байланысты мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путинге көңіл айтып, терактіні мүлдем ақтауға болмайтынын мәлімдеді.

23 наурызда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейдегі лаңкестік оқиғаға байланысты қабылданатын шаралар туралы Қауіпсіздік Кеңесінің мүшелерімен жиын өткізді.

Мәскеудегі "Крокус Сити Холл" концерт залында болған қайғылы оқиғаларға байланысты Қазақстан азаматтары үшін 8 (925) 897-71-14 нөмірі бойынша жедел желі ашылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2072562-reseide-24-nauryz-ulttyq-aza-tutu-kuni-dep-zariyalandy/

pixel