jitsu gif branding logo appbranding logo app

Әйелін өлтірді деп айыпталып, ақталған атышулы футболшы өмірден өтті

О. Джей Симпсон
О. Джей Симпсон. Фото: Jason Bean/POOL/AFP/Getty Images

АҚШ-та бұрынғы америкалық футбол жұлдызы және бүкіл әлемді дүр сілкіндірген кісі өлтіру ісі бойынша күдікті, О. Джей Симпсон деген атпен танымал Орентал Джеймс Симпсон қайтыс болды.

О. Джей Симпсонның отбасы оның 10 сәуірде қатерлі ісіктен қайтыс болғанын хабарлады. Ол 76 жаста болған.

Симпсон "Жалаңаш тапанша" фильмінде детектив Нордбергтің рөлін сомдады, бірақ 90-шы жылдардың ортасында оған кісі өлтіру ісі асқан танымалдылық әкелді.

Экс-футболшыға әйелі Николь Браун-Симпсон мен оның досы Рональд Голдманды қасақана өлтірді деген айып тағылды. Бүкіл Америка полицияның Симпсонды қудалауын тікелей эфирде көрген. Айыптаушы тарап сотта көптеген дәлелдеме ұсынды, бірақ соңында алқабилер оны кінәлі емес деп тапты.

Бұл процесс үлкен резонанс тудырған, қорғау мен айыптаудың әрбір қадамы бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланды. "Америкалық қылмыс тарихы" телехикаясының бірінші маусымы осы іске арналды.

Кейінірек марқұм Голдманның отбасы бұрынғы футболшыға қарсы азаматтық сотта жеңіске жетті. Содан кейін сот Симпсонды Голдманның өліміне кінәлі деп тауып, айыпталушыдан 33,5 миллион доллар өндіріп алуға міндеттеді.

2008 жылы Симпсон қарулы тонау және адам ұрлау үшін кінәлі деп танылып, 33 жылға сотталды. 2017 жылы рақымшылықпен босатылып, бостандыққа шыққан.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.