Telegram негізін қалаушы Павел Дуров Такер Карлсонға сұхбат берді: олар не туралы сөйлесті (видео)
Жарияланған күні:
Читать на русскомАмерикалық журналист Такер Карлсон Telegram мессенджерінің негізін қалаушы Павел Дуровтан сұқбат алды. Программист не үшін АҚШ-та, Ресейде тұрғысы келмейтінін айтты. Сұқбат Карлсонның YouTube-тегі арнасында жарияланды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Сұқбат басында Карлсон Дуровтан қай жерде туғанын сұрады, оған бағдарламашы "бұл ұзақ әңгіме болады" деп жауап берді.
Павел Дуров КСРО-да дүниеге келгенін айтты. Ол 4 жаста болғанда, отбасы Италияға көшкен. КСРО ыдырағаннан кейін Павелдің отбасы қайта Ресейге оралған, сонда ол білім алып, алғашқы үлкен жобасы – "ВКонтакте" әлеуметтік желісін құрған.
2013 жылы Дуров "ВКонтакте" желісін сатып, Ресейден кетіп қалған.
Ол 2011-2012 жылдары Ресей билігі "ВКонтакте" желісінен Украинадағы наразылық акцияларын ұйымдастырушылар туралы жеке ақпаратты беруді талап еткенін атап өтті. Содан кейін ол Дуров "еркіндікті" таңдағанын жеткізді.
"Мен еркіндік, сөз бостандығы, жиналыстардағы бостандығы сияқты құндылықтарды жақтаушысы болдым", - деді Дуров.
Ол Telegram-ды қашан ойлап тапқанын айтып берді. Бұл идея Ресейде пайда болды. Павелдің айтуынша, оған Ресей билігінің ВК қолданушыларының жеке деректерін беруден бас тартқанда ағасы Николаймен қауіпсіз байланысу тәсілі қажет болған.
Қазіргі уақытта Telegram базасы Дубайда орналасқан, бірақ мессенджерлік топ бастапқыда Лондон, Берлин және Сингапурды қоса алғанда әртүрлі қалаларды қарастырды. Алайда бюрократиялық қиындықтар көп болды, дейді ол.
Сондай-ақ Дуров АҚШ-тың Сан-Франциско қаласында мессенджер ұжымын орналастыруды ойластырған жерінде қарақшылардың шабуылына ұшырағанын айтты. Мұның соңы төбелеспен аяқталған.
Ол сондай-ақ АҚШ-та тұрақтап қалмауының себетін атады, компания ФБР-дің"шамадан тыс назар аударған". Оның пайымдауынша, барлау қызметтері пайдаланушылардың құрылғыларына қол жеткізу үшін Telegram-дағы командадан инженер жалдауға тырысты.
"АҚШ-та жұмыс жүрмеді. Федералдық Тергеу бюросы менің инженерімді жасырын түрде алып, кодтар қалай жұмыс істейтінін білгісі келді", - деді ол.
Дуров Telegram-тың әртүрлі көзқарастағы, соның ішінде саяси көзқарастағы адамдар үшін бейтарап платформа болғанын қалайтынын айтты.
"Мессенджер наразылық акциялары кезінде өте танымал: біз үшін кімнің кімге дауыс беретіні маңызды емес. Біз Біріккен Араб Әмірліктеріндеміз", - деді Telegram-ның негізін қалаушы.
Дуровтың айтуынша, қазір Telegram-дың 900 миллионнан астам қолданушысы бар , компания жарнамаға ақша жұмсамайды.
"Өнім бойынша жалғыз менеджермін, кадр бөлімі жоқ, команда шағын. Менде он жыл бойы банктік шотымда немесе биткоинде тұрған бірнеше жүз миллион доллар жатыр. Атымда ешқандай жылжымайтын мүлік, ұшақ жоқ", - деді Дуров.
Сонымен қатар ол сұқбатта өзінің құндылықтарына сәйкес келмейді деп санайтын елдерге, мысалы, Ресейге, Қытайға, АҚШ-қа саяхаттамайтынын айтты.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2086124-telegram-negizin-qalausy-pavel-durov-taker-karlsonga-suxbat-berdi-olar-ne-turaly-soilesti-video/