Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Пәкістан мен Ауғанстанда су тасқынынан жүзден аса адам қаза тапты (видео)

Опубликовано:

Су тасқыны
Ауғанстандағы су тасқыны. Видеодан кадр: twitter.com/Jan_Achakzai

Пәкістан мен Ауғанстанда найзағай мен нөсер жаңбыр салдарынан 135 адам қаза тапты. Негізінен бидай орып жатқан кезде найзағай соққан пәкістандық фермерлер опат болған, деп жазады Kazinform.kz.

Желілік басылымның CBS News сайтына сілтеме жасап жазуынша, Пәкістанның әртүрлі аймақтарында 71 адам қаза тауып, 67 адам жарақат алған. Ең көп зардап шеккен аймақ – елдің солтүстік-батысындағы Хайбер-Пахтунхва провинциясы. Тұрғын үйлердің опырылуы салдарынан онда 32 адам қаза тапты. Хайбер-Пахтунхвада қаза тапқандардың арасында 15 бала мен 5 әйел бар, тағы 41 адам жараланған. 1370 үй қираған.

Елдің шығысындағы Пенджаб провинциясында 23 адам қаза тауып, 7 адам жараланған. Елдің оңтүстік-батысындағы Белуджистан провинциясында 8 адам қаза тауып, 8 адам жарақат алды.

Кашмирдің Пәкістанның бақылауындағы бөлігінде де жағдай мәз емес. Онда 8 адам қаза тауып, 11 адам жарақат алған, 47 үй қираған.

Синоптиктердің болжауынша, елде 29 сәуірге дейін қатты жаңбыр жауады.

Ауғанстанда алпыстан астам адам қаза тауып, 600-ге жуық үй жарамсыз боп қалды. Су тасқыны мың гектардан астам ауыл шаруашылығы алқаптарын зақымдады. Қазір бұл аймақта құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр. Су тасқынынан ел астанасы Кабул мен басқа 20 провинция су зардап шеккен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2087117-pakistan-men-auganstanda-su-tasqynynan-zuzden-asa-adam-qaza-tapty-video/

pixel