БАҚ: Түркияда қатты дауыл салдарынан ағаштар құлап, үй шатырларын жел ұшырып, мешіт мұнарасы қираған (фото, видео)
Жарияланған күні:
Читать на русскомКеше Түркия қалаларында нөсер жаңбыр жауып, қатты дауыл болған. Түркияның Чанкыры қаласында ағаштар құлап, шатырлар мен Бадемлик мешітінің мұнарасы қираған.
Демалыс күндері Түркияда қолайсыз ауа райы сақталып тұр.
Жергілікті Yeni Akit газетінің жазуынша, қаладағы дауыл түскі уақытта басталып, біртіндеп күшейе түскен.
"Кейбір көшелер мен жол жиектерінде, әсіресе Кечиерен, Чанкая, Этимесгут, Синкан және Гелбаши аудандарында ағаштар құлаған", - деп жазады басылым.
Анкараның кейбір аудандарында болса соққан қатты жел тұрғын үйлердің шатырларын ұшырып әкеткен, салдарынан жақын маңда тұрған көліктерге залал тиген.
Измирде күшті құйын тіркелді. Ол Фоче қаласындағы Енифоча аймағына жақын жерде жағалауында болған.
Сондай-ақ TRT Haber Telegram арнасындағы ақпаратқа сүйенсек, дауыл салдарынан Бадемлик мешітінің екі мұнарасының бірі опырылып құлаған.
Ал Ыстамбұлдың Бахчелиэвлер ауданындағы метро станциясын су басқан.
Оған қоса басылым Түркияның Самсун қаласында тұрғын үй шатырларын жел ұшырып әкетіп жатқаны түсірілген видеоны бөлісті.
Сонымен қатар РИА Новости ақпараты бойынша, Түркияда қолайсыз ауа райының салдарынан зардап шеккендер бар. Алайда қанша адам зардап шеккені хабарланбаған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2088419-baq-zelide-turkiyadagy-qatty-dauyldyn-videosy-paida-boldy-foto-video/