jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
18+
Рамазан Есмағамбетов
Рамазан Есмағамбетов
Бұрынғы қызметкер

БАҚ: Түркияда қатты дауыл салдарынан ағаштар құлап, үй шатырларын жел ұшырып, мешіт мұнарасы қираған (фото, видео)

Түркияда күшті жел тұрғын үй шатырларын ұшырып әкеткен
Түркияда күшті жел тұрғын үй шатырларын ұшырып әкеткен. Видеодан кадр: t.me/trthaberdijital

Кеше Түркия қалаларында нөсер жаңбыр жауып, қатты дауыл болған. Түркияның Чанкыры қаласында ағаштар құлап, шатырлар мен Бадемлик мешітінің мұнарасы қираған.

Демалыс күндері Түркияда қолайсыз ауа райы сақталып тұр.

Жергілікті Yeni Akit газетінің жазуынша, қаладағы дауыл түскі уақытта басталып, біртіндеп күшейе түскен.

"Кейбір көшелер мен жол жиектерінде, әсіресе Кечиерен, Чанкая, Этимесгут, Синкан және Гелбаши аудандарында ағаштар құлаған", - деп жазады басылым.

Анкараның кейбір аудандарында болса соққан қатты жел тұрғын үйлердің шатырларын ұшырып әкеткен, салдарынан жақын маңда тұрған көліктерге залал тиген.

Измирде күшті құйын тіркелді. Ол Фоче қаласындағы Енифоча аймағына жақын жерде жағалауында болған.

Измирдегі құйын
Измирдегі құйын. Фото: Yeni Akit

Сондай-ақ TRT Haber Telegram арнасындағы ақпаратқа сүйенсек, дауыл салдарынан Бадемлик мешітінің екі мұнарасының бірі опырылып құлаған.

Ал Ыстамбұлдың Бахчелиэвлер ауданындағы метро станциясын су басқан.

Оған қоса басылым Түркияның Самсун қаласында тұрғын үй шатырларын жел ұшырып әкетіп жатқаны түсірілген видеоны бөлісті.

Сонымен қатар РИА Новости ақпараты бойынша, Түркияда қолайсыз ауа райының салдарынан зардап шеккендер бар. Алайда қанша адам зардап шеккені хабарланбаған.

БАҚ: Түркияда қатты дауыл салдарынан ағаштар құлап, үй шатырларын жел ұшырып, мешіт мұнарасы қираған (фото, видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.