Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қырғызстанда күшті сел жүрді: адамдар көлігімен бірге лай астында қалған (видео)

Опубликовано:

Сел
Сел. Көрнекі фото: pixabay.com

20 сәуірде Қырғызстанның Ош облысында қатты сел жүрді. Қазіргі таңда бір адамның көз жұмғаны белгілі болды, деп хабарлайды Sputnik Қырғызстанға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Басылым Қырғызның Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап жазуынша, бір отбасының төрт бірдей мүшесі көлігімен бірге лай көшкінінің астында қалған.

Қайғылы оқиға Мырзаке — Қара-Құлжа — Алайқуу тас жолының 41-ші км болған. Жергілікті тұрғындар екі әйел мен бір баланы аман алып қалды. Алайда ер адам селмен бірге ағып кеткен.

Құтқарушылар марқұмның денесін тауып, туыстарына тапсырды.

Дереккөз ақпараты бойынша, күшті сел Ош облысының екі ауданында – Алай және Қара-Құлжада болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2088743-qyrgyzstanda-kusti-sel-zurdi-adamdar-koligimen-birge-lai-astynda-qalgan-video/

pixel