Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Малайзияда әскери шеруге дайындық кезінде екі тікұшақ соқтығысты (видео)

Опубликовано:

Құлаған тікұшақ
Құлаған тікұшақ. Фото: t.me/rian_ru

Малайзия корольдік әскери-теңіз күштерінің 90 жылдық мерейтойлық шеруіне дайындық кезінде екі әскери тікұшақ соқтығысты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

РИА Новости басылымының жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарына сілтеме жасап жазуынша, тікұшақтардың бортында 10 адам болуы мүмкін. Ресейлік басылымы әзірге олардың жағдайы туралы ақпарат жоқ екенін жазды.

Ал BAZA Telegram-арнасының жазуынша, апат салдарынан алдын ала мәлімет бойынша 10 адам қаза тапқан.

Тікұшақтар Лумут қаласында соқтығысқан. Видеоларға қарағанда маневр жасау кезінде тікұшақтардың бірінің артқы бөлігі екіншісінің винтіне тиіп кеткен. Тікұшақтардың бірі сол маңайдағы стадион аумағына құлаған.

Бұл ретте оқиға куәгерлері оқыс жағдай болған сәттің видеосын әлеуметтік желілерде жариялап жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2089409-malaiziyada-mereitoilyq-seruge-daiyndyq-kezinde-eki-tikusaq-soqtygysty-video/

pixel