Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Желіде Макронның қазақы тазымен түскен тағы бір фотосы пайда болды

Опубликовано:

Эммануэль Макрон тазымен
Эммануэль Макрон тазымен. Фото: instagram.com/soazigdelamoissonniere

Франция президенті Эммануэль Макронның жеке фотографы әлеуметтік желіде ел басшысының қазақы тазымен түскен суретін бөлісті. Сурет өткен аптада түсірілген, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Франция президентінің фотографы Соазиг де Муассонье Instagram-дағы парақшасында Макрон Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев сыйға тартқан тазымен бірге түскен фотосуретті жариялады.

Фото 19 сәуірде түсірілгені көрсетілген.

"Тамаша фото", "Керемет фото, әдеттегідей", "Мен Франциядағы барлық кеңселер Елисей сарайынан үлгі алса деп армандаймын, осылайша біз де итімізді барлық жерге алып жүрер едік", "Шартсыз махаббат, адалдық", - деп жазды желі қолданушылары.

Айта кетейік, Макрон тазымен түскен фотосуреттерді бірінші рет жариялап отырған жоқ.

Еске сала кетейік, 2024 жылы ақпан айында Қасым-Жомарт Тоқаев Эммануэль Макронға тазының күшіктерін сыйлаған еді.

Ақорда Франция президенті өткен жылдың қараша айында Астанаға сапары барысында Қазақстан басшысының шақыруымен "Этноауыл" көрмесін тамашалағанын, ол жерде тазыларды ерекше ұнатқанын атап өтті. Содан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев француз әріптесіне ит беруге уәде берді.

Осылайша бес айлық екі күшік Парижге жеткізілді. Үй жануарларын ветеринарлар тексеріп, уақытша карантинге алды. Сонымен қатар француз тарапына тазы бағу, азықтандыру бойынша ұсыныстар берілген. Күшіктерге Жюль және Жанна есімдері қойылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2090759-zhelide-makronnyng-qazaqy-tazymen-tusken-tagy-bir-fotosy-paida-boldy/

pixel