Швеция астанасында тағы да Құран кітабы өртелді
Жарияланған күні:
Читать на русскомШвеция астанасы Стокгольмде тағы да Құран кітап өртелген. Бұған дейін мұндай әрекеттер Швеция мен Түркия арасындағы қарым-қатынаста шиеленіс туғызған болатын, деп хабарлайды РБК басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Басылымның түркиялық БАҚ-қа сілтеме жасап жазуынша, мұсылмандардың қасиетті кітабын жағу кезінде полиция қызметкерлері күзетіп отырған.
БАҚ хабарлауынша, бұл акцияны Джэйд Сандберг есімді исламға қарсы белсенді жасаған. Ол Швецияда бірнеше рет Құран өртеген. Атап айтқанда, ақпан айының басында ол Стокгольмдегі Уденплан алаңында мұсылмандарға арналған қасиетті кітапты жойып жіберген. Наразылық кезінде ол Швециядан "исламды шығаруға" шақырған.
Айта кетейік, Швеция 2022 жылдың мамырында НАТО-ға кіруге өтініш бергеннен кейін елде Құранды өртеумен байланысты наразылықтар жиілей түскен. Сонымен қатар мұсылмандардың қасиетті кітабын Стокгольмдегі Түркия елшілігі алдында да өртеген.
Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған Құранның өртенуіне байланысты Швецияның НАТО-ға кіру өтінішін қабылдаудан бас тартты. Алайда кейінірек Анкара елдің Солтүстік Атлантикалық альянсқа қосылуын мақұлдады. Швеция 2024 жылдың наурыз айының басында ресми түрде НАТО-ның 32-ші мүшесі болды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2092640-shvetsiiada-astanasynda-tagy-da-quran-kitaby-orteldi/