Әзербайжан мен Арменияның сыртқы істер министрлері Алматыда келіссөз жүргізеді
Жарияланған күні:
Таяуда Әзербайжан мен Арменияның сыртқы істер министрлері Алматыда кездеседі – олар бейбіт келісімге қатысты келіссөздерді жалғастырады. Бұл туралы Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
28 сәуірде Әлиев АҚШ мемлекеттік хатшысы Блинкенмен телефон арқылы сөйлескен кезде екі елдің сыртқы істер министрлері Қазақстанда кездесетінін айтты.
Әзербайжан басшысы Қазақстан тарапының ұсынысы бойынша Әзірбайжан мен Арменияның сыртқы істер министрлері жақын арада бейбіт келісім бойынша келіссөздерді жалғастыру үшін Алматыда кездесетінін мәлімдеді.
Айта кетейік, Арменияға сапары барысында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Армения мен Әзербайжан арасындағы қатынасты тезірек реттеуге шақырды. Сондай-ақ келіссөздер үшін Қазақстан өз алаңын ұсынуға дайын екенін мәлімдеді.
Ереванда өткен келіссөздер барысында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Армения премьер-министрі Никол Пашинян Оңтүстік Кавказда тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесіне айрықша назар аударды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2092778-azerbaizhan-men-armeniianyng-syrtqy-ister-ministrleri-almatyda-kelissoz-zhurgizedi/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.