Тәжікстан Ресей елшісіне наразылық нотасын табыстады
Жарияланған күні:
Читать на русскомТәжікстан Ресейдегі азаматтарына деген теріс көзқарасқа алаңдаушылық білдірді. Осыған байланысты Ресей елшісіне нота табысталды, деп хабарлайды Тәжікстан Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
"29 сәуірде Ресейдің Тәжікстандағы елшісі Семён Григорьевке Тәжікстан Сыртқы істер министрлігі нота табыс етті, онда Тәжікстан азаматтарына қатысты қатаң теріс көзқарастың жаппай көрініс алуына алаңдаушылық жазылғаны айтылды.
Ресей Федерациясы аумағындағы Тәжікстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен бостандықтары бұзылғаны айтылды", - делінген Тәжікстан Сыртқы істер министрлігі таратқан хабарламада
Нотада мұндай әрекет тек Тәжікстан азаматтарына қатысты екені, бұл дәстүрлі тәжік-орыс қарым-қатынасына сай келмейтіні атап өтілген.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2093225-tazhikstan-resei-elshisine-narazylyq-notasyn-tabystady/