jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Тәжікстан Ресей елшісіне наразылық нотасын табыстады

Тәжікстан туы
Тәжікстан туы. Фото: pexels.com

Тәжікстан Ресейдегі азаматтарына деген теріс көзқарасқа алаңдаушылық білдірді. Осыған байланысты Ресей елшісіне нота табысталды, деп хабарлайды Тәжікстан Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"29 сәуірде Ресейдің Тәжікстандағы елшісі Семён Григорьевке Тәжікстан Сыртқы істер министрлігі нота табыс етті, онда Тәжікстан азаматтарына қатысты қатаң теріс көзқарастың жаппай көрініс алуына алаңдаушылық жазылғаны айтылды.

Ресей Федерациясы аумағындағы Тәжікстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен бостандықтары бұзылғаны айтылды", - делінген Тәжікстан Сыртқы істер министрлігі таратқан хабарламада

Нотада мұндай әрекет тек Тәжікстан азаматтарына қатысты екені, бұл дәстүрлі тәжік-орыс қарым-қатынасына сай келмейтіні атап өтілген.

Тәжікстан Ресей елшісіне наразылық нотасын табыстады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.