jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
18+
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Индонезияда жойқын су тасқынынан 40-тан аса адам қаза тапты

Индонезиядағы су тасқыны
Индонезиядағы су тасқыны. Фото: REZAN SOLEH/AFP via Getty Images

Индонезиядағы Марапи жанартауының баурайында муссондық жаңбыр салдарынан жойқын су тасқыны болды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ The Guardian басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Толассыз жауған жаңбыр салдарынан су тасқыны Индонезияның Суматра аралындағы жанартау баурайында лава мен лайдың ағуына себеп болды.

Кемінде 41 адам қаза тауып, оннан астам адам із-түссіз жоғалған. Қаза тапқандардың көпшілігі Кандуанг ауылында, тоғызы Тана Датарда және сегізі Паданг Париаман ауданында табылды.

Индонезияның Табиғи апаттарды жою жөніндегі ұлттық агенттігі өкілдерінің хабарлауынша, өзен арнасынан асып, Батыс Суматра провинциясының төрт ауданындағы таулы ауылдарды жарып өткен. Су тасқыны салдарынан 100-ден астам үй мен ғимаратты су басып қалды.

Сонымен қатар сәуірдің аяғында Индонезияда Руанг жанартауы атқылаған, сондықтан ел билігі дабыл деңгейін ең жоғары деңгей деп бағалаған.

Индонезияда жойқын су тасқынынан 40-тан аса адам қаза тапты

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.