Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ресейде тағы бір жоғары лауазымды шенді аса ірі көлемде пара алды деген күдікпен қамалды

Жарияланған күні:

Читать на русском
Юрий Кузнецов
Юрий Кузнецов. Фото: structure.mil.ru

Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігі кадр басқармасының бастығы Юрий Кузнецовқа қатысты қылмыстық іс қозғалды – Тергеу комитеті істің жай-жапсарын баяндады. Бұл жөнінде KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Кузнецов аса ірі көлемде пара алды деген күдікке ілінді.

"Тергеу мәліметтері бойынша, Кузнецов 2021-2023 жылдары Ресей Қарулы күштері бас штабының 8-басқармасының бастығы бола отырып, коммерциялық құрылымдардың өкілдерінен солардың пайдасына белгілі бір әрекеттер жасағаны үшін пара алған", - деді Ресей Тергеу комитетінің ресми өкілі Светлана Петренко.

Сондай-ақ күдіктінің нақты тұрғылықты жері мен тіркелген мекенжайын тінту кезінде 100 миллион рубльден астам қаржы және шетел валютасындағы қаражат, алтын тиындар, коллекциялық сағаттар мен сәнді бұйымдар табылып, тәркіленгені белгілі болды.

Тергеушінің өтініші негізінде сот Кузнецовқа қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын таңдаған.

Айта кетейік, сәуірде тәртіп сақшылары Ресей Федерациясы қорғаныс министрінің орынбасары Тимур Ивановты ұстаған болатын. Тергеу комитеті оның пара алу ісі бойынша ұсталғанын хабарлады.

BBC тілшілері Тимур Ивановтың 2016 жылдан бері Қорғаныс министрінің орынбасары қызметін атқарғанын және Шойгудың одақтасы саналатынын атап өтті. Иванов әскери өнімдерді сатып алуға жауапты болды және Қорғаныс министрлігі нысандарының құрылысын, реконструкциясын және күрделі жөндеу жұмыстарын қадағалаған.

Сондай-ақ Владимир Путин жақында Сергей Шойгуды Ресей қорғаныс министрі қызметінен босатып, Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы етіп тағайындады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2100269-reseide-tagy-bir-zhogary-lauazymdy-shendi-asa-iri-kolemde-para-aldy-degen-kudikpen-qamaldy/