Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ресей қорғаныс министрінің орынбасары, "қауіпсіздік қызметіндегі ең бай шенеуніктің" бірі ұсталды

Опубликовано:

Тимур Иванов
Тимур Иванов. Видеодан кадр: t.me/mod_russia

Ресейде кеше, 23 сәуірде Ресей Федерациясы Қорғаныс министрінің орынбасары Тимур Иванов ұсталды. Ол пара алу фактісі бойынша қамалды, деп хабарлайды елдің Тергеу комитетіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ресми хабарлама Ресей Федерациясы Тергеу комитетінің Telegram-дағы арнасында пайда болды.

"Ресей Федерациясы Қылмыстық кодексінің 290-бабының 6-бөлігі бойынша қылмыс жасады деген күдікпен (пара алу) Ресей Федерациясы Қорғаныс министрінің орынбасары Тимур Вадимович Иванов ұсталды.

Тиісті тергеу амалдары жүргізілуде", - делінген хабарламада.

Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексіне сәйкес, Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің 290-бабының 6-бөлігі ерекше ірі мөлшерде пара алғаны үшін 15 жылға дейінгі бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

РБК тілшілерінің хабарлауынша, Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Владимир Путин қорғаныс министрінің орынбасарының ұсталғаны туралы хабардар болғанын айтты. Қорғаныс министрі Шойгу да алдын ала хабарланған.

2019 жылы Forbes Ивановты Ресейдегі ең бай қауіпсіздік шенеуніктерінің тізіміне енгізген: оның отбасының табысы 2018 жылы 136,7 миллион рубльді құраса, вице-министрдің табысы - 13,6 миллион рубль болған.

Айта кетсек, 2022 жылдан бері Иванов Еуропалық Одақ пен АҚШ-тың санкциясына ұшырады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2089988-resei-qorganys-ministrinin-orynbasary-qauipsizdik-qyzmetindegi-en-bai-seneuniktin-biri-ustaldy/

pixel