Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Үндістанда дауыл салдарынан үлкен жарнама билборды құлап, 10-нан астам адам қаза тапты (видео)

Опубликовано:

Мумбайда билболд құлады
Мумбайда билболд құлады. Фото: IMTIYAZ SHAIKH/AFP via Getty Images

Үндістанның Мумбай қаласында қатты дауыл салдарынан алып билборд адамдардың үстіне құлады. Алдын ала мәліметі бойынша 14 адам қаза тапты, деп хабарлайды BBC-ге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Үндістанның Мумбай қаласында дауыл кезінде алып билборд құлап, 14 адам қаза тауып, ондаған адам жарақат алды.

70х50 метрлік билборд үйлер мен жанармай құю бекетінің үстіне құлаған. Жергілікті төтенше жағдайлар қызметі үйінділер астында әлі бірнеше адам қалғанын және құтқару операциясы жүріп жатқанын хабарлады.

Махараштра штатының үкіметі оқиғаның себебін анықтап жатыр.

Мумбай билігі оқыс оқиғаға қатты жел себеп болғанын айтты. Құтқару операциясына полиция, өрт сөндірушілер және апатты жою топтары қатысып жатыр.

Сондай-ақ шенеуніктер билборд рұқсат етілген көлемнен де бірнеше есе үлкен екенін және оны орнатқан мекеменің бұған рұқсаты болмағанын айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2100302-undistanda-dauyl-saldarynan-ulken-zharnama-bilbordy-qulap-10-nan-astam-adam-qaza-tapty-video/