Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Кек алмақ болған": Бішкекте шетелдіктермен болған төбелестен кейін жаппай тәртіпсіздік орнады (видео)

Жарияланған күні:

Читать на русском
Бішкекте шетелдіктерге қарсы көшеге шыққан жіггітерді ұсату сәті
Бішкектегі жаппай наразылық. Фото: 24.kg

Бүгін түнде Бішкекте хостелдердің бірінде бірнеше күн бұрын болған шетелдіктер мен жергілікті тұрғындар арасындағы жаппай төбелес соңы наразылыққа ұласты. Бұл жөнінде қырғыз бұқаралық ақпарат құралдарына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

24.kg желілік басылымының хабарлауынша, бірнеше күн бұрын Бішкекте шетелдіктердің қатысуымен төбелес шыққан. Оқиға хостелдердің бірінің ауласында болған. Бірнеше жергілікті тұрғын соққыға жығылған.

Кеше түнде осыған байланысты қалада шетелдіктерге қарсы стихиялы наразылық басталды. Шетелдіктерден кек алмақ болған жүзден астам жігіт төбелес шыққан хостел маңындағы көшеге жиналды. Оқиға орнына тәртіп сақшылары келді.

Ал vesti.kg сайтының жазуынша, жиналғандар полицейлердің сөзіне құлақ аспай, Құрманжан Датқа көшесінің Шу даңғылынан Жібек жолы даңғылына дейінгі бөлігін жауып тастаған.

Көшеде наразылық білдірушілер саны көбейе түскен. Тәртіпсіздікті басуға ел астанасындағы Ішкі істер басқармасының барлық жеке құрамы тартылған.

Қаладағы шетелдіктер тұратын барлық жатақхана күзетке алынған, өйткені олардың айналасына топ-топ болып адамдар жинала бастаған.

Шерушілермен Ішкі істер министрлігі мен Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің басшылығы кездесті.

Полицейлер әлеуметтік желілер арқылы зардап шеккендер туралы жалған ақпарат тарағанын мәлімдеді.

Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті мен Ішкі істер министрлігінің өкілдері митингіге қатысушылармен бірнеше рет келіссөз жүргізбек болғанымен, жиналған жұрт олардың сөзіне құлақ аспаған.

Жағдайды тұрақтандыру үшін қала орталығына Ішкі істер министрлігінің ішкі әскерлері мен су атқыштары келген.

Спортшы Ринат Усупбаев наразылық білдірушілермен келіссөз жүргізбек болған.

Бішкектегі жағдай таңға жуық тұрақталып, шетелдіктерге қарсы шерулер тоқтап, шеруге шыққандар таратылған.

Жалпы, құқық қорғау органдарының мәліметінше, митингке мыңға жуық адам қатысқан.

Қырғызстан Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің басшысы Камчыбек Ташиев оқиғаның себебі ретінде ел азаматтарының Мысыр, Пәкістан, Бангладеш, Үндістан сияқты елдерден мигранттардың көбейіп кеткеніне алаңдаушылық білдіргенін атап өтті. Ол сондай-ақ жиналғандардың тәртіп бұзған шетелдіктердің елден шығару жөніндегі талаптарын қолдаған.

Ал 13 мамырда төбелеске қатысқан шетелдіктер ұсталды. Олар қырғыз халқынан кешірім сұрап, видеоүндеу жариялаған.

Бішкектегі наразылық кезінде 27 адам зардап шеккен. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алымқадыр Бейшеналиев хабарлады. Оның айтуынша, зардап шеккендердің барлығы – шетел азаматтары. Дәрігерлер барлығын тексеріп, жағдайы тұрақты деген қорытынды жасаған. Көптеген шетелдік ауруханаға жатудан бас тартқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2102765-bishkekte-sheteldiktermen-bolgan-tobelesten-keiin-zhappai-tartipsizdik-ornady-video/