jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Аида Тақабаева
Аида Тақабаева
Бұрынғы қызметкер

Бішкектегі наразылықтан кейін қанша адам медициналық көмекке жүгінгені белгілі болды

Бішкектегі наразылық кезінде зардап шеккен шетелдікті денсаулық сақтау министрі қарап жатыр
Бішкектегі наразылық кезінде зардап шеккен шетелдік. Фото: Қырғызстан Денсаулық сақтау министрлігі

Бішкекте жергілікті тұрғындар мен шетелдіктер арасындағы төбелестен кейін басталған тәртіпсіздік салдарынан 29 адам медициналық көмекке жүгінген. Бұл туралы Қырғызстан Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"17 мамырдан 18 мамырға қараған түні жедел жәрдем бригадаларына 29 адам жүгініп, 17 адам қалалық жедел жәрдем ауруханасы мен Ұлттық госпитальға жеткізілді, қалғандарына сол жерде медициналық көмек көрсетілді.

18 мамыр күні таңғы мәлімет бойынша, қалалық жедел жәрдем ауруханасында екі науқас жатыр. Диагноз: жабық бассүйек-ми жарақаты, ми шайқалуы. Науқастардың жағдайы салыстырмалы түрде қанағаттанарлық деп бағаланып отыр. Зардап шеккендердің бірі медициналық көмек алғаннан кейін амбулаторлық емделуге кетті", - делінген Қырғызстан денсаулық сақтау министрлігі таратқан хабарламада.

Министрліктің мәліметінше, түрлі дене жарақаттарымен 12 адам Ұлттық госпитальға түскен, медициналық көмек көрсетілгеннен кейін жатқызылды 11 адам амбулаторлық емдеуге жіберілді.

Айта кетейік, бүгін Қырғызстанның денсаулық сақтау министрі Алымқадыр Бейшеналиев Ұлттық госпитальдің жақ-бет хирургиясы бөлімшесіне барып, жақ сүйегі сынған деген диагнозбен түскен Пәкістан азаматының қал-жағдайымен танысты. Науқасты дәрігерлер операцияға дайындап жатыр.

Бірнеше күн бұрын Бішкекте шетелдіктердің қатысуымен төбелес шыққан. Оқиға хостелдердің бірінің ауласында болған. Бірнеше жергілікті тұрғын соққыға жығылған делінген қырғыз БАҚ-ы тартақан хабарламада. Кеше түнде осыған байланысты қалада шетелдіктерге қарсы стихиялы наразылық басталды. Шетелдіктерден кек алмақ болған жүзден астам жігіт төбелес шыққан хостел маңындағы көшеге жиналды. Тәртіп сақшылары наразылққа шыққандарды таңға жуық таратқан.

Бішкектегі наразылықтан кейін қанша адам медициналық көмекке жүгінгені белгілі болды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.