Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қатты алаңдаулымын": Пәкістан премьер-министрі Қырғызстандағы жағдайға пікір білдірді

Жарияланған күні:

Читать на русском
Шахбаз Шариф
Шахбаз Шариф. Фото: Sean Gallup/Getty Images

Пәкістан премьер-министрі Шахбаз Шариф Қырғызстанда пәкістандық студенттердің қатысуымен болған жайтқа алаңдаушылық білдірді. Премьер-министрдің жазбасы X желісінде жарияланды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Қырғызстанның Бішкек қаласындағы пәкістандық студенттердің жағдайына қатты алаңдаулымын. Пәкістанның елшісіне барлық қажетті көмекті көрсетіп, жәрдем беруді тапсырдым. Менің кеңсем де елшілікпен байланыста әрі жағдайды қадағалап отыр", - делінген жазбада.

Айта кетейік, бірнеше күн бұрын Бішкекте шетелдіктердің қатысуымен төбелес шыққан. Оқиға хостелдердің бірінің ауласында болған. Қырғыз БАҚ-ы таратқан хабарламада бірнеше жергілікті тұрғын соққыға жығылғаны айтылған.

Кеше түнде осы жайтқа байланысты қалада шетелдіктерге қарсы стихиялы наразылық басталды. Шетелдіктерден кек алмақ болған жүзден астам жігіт төбелес шыққан хостел маңындағы көшеге жиналды. Тәртіп сақшылары наразылққа шыққандарды таңға жуық таратқан.

Құқық қорғаушылардың мәліметінше, наразылық шарасына барлығы мыңға жуық адам қатысқан.

Төбелес шығарған шетелдіктер ұсталып, қырғыз халқынан кешірім сұрап, видеоүндеу жариялаған.

Ал елдің Денсаулық сақтау министрлігі тәртіпсіздік салдарынан 29 адам медициналық көмекке жүгінгенін мәлімдеді.

Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қырғызстанмен шекарадағы жағдай туралы мәлімдеме жасап, пәкістандық студенттер тобының Қырғызстаннан Қазақстанға өтуге жиналып жатқаны туралы кейбір БАҚ-та жарияланған ақпарат шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2102876-qatty-alangdaulymyn-pakistan-premer-ministri-qyrgyzstandagy-zhagdaiga-pikir-bildirdi/